Болганбаева Лаззат Муратбековна
1989 жылы Амангелді ауданы Шөптікөл кеңшары, Өтеміс ауылында дүниеге келген.
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Арқалық қаласы, Фурманов ауылы, Фурманов жалпы білім беретін мектебінде тарих және құқық пәнінің мұғалімі болып бастады.
2019 жылы Жангелдин ауданы, Көлқамыс ауылы, Айса Нұрманов атындағы негізгі мектебінде тарих пәні мұғалімі болып жұмыс атқарды.
2020 жылы Жангелдин ауданы, Көкалат ауылы, Албарбөгет жалпы білім беретін мектебінде тарих және құқық пәнінен сабақ берсе, 2022-2025 жылдар аралығында мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылдан бастап «Албарбөгет жалпы білім беретін мектебі» КММ -нің мектеп директоры . Отбасылы. Екі ұлдың анасы.
Болганбаева Лаззат Муратбековнаның оқушылары аудандық, облыстық ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарға иеленіп жүр:
2021 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде Қалел Аружан Мұратбекқызы жүлделі 1-орын.
Облыстық кезеңге қатысып, сертификатпен марапатталды.
2021 жылы Саяси қуғын- сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі айлық іс- шара аясында аудандық 7-10 сынып оқушыларымен «Қайтарылған есімдер» тақырыбындағы зерттеу жұмысында қуғын- сүргін құрбаны Айса Нұрмановты қорғап, жүлделі 1-орын иегері атанды.
2022 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде Күмісбекқызы Сабина «Тағылымы мол, өнегелі өмірлер» тақырыбында Көкалат ауылынан шыққан тарихта, әдебиетте айтылмаған Ұлы Отан соғысын бастарынан өткізіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан аталарының еңбектерін болашақ ұрпаққа насихаттау мақсатында жобасын қорғап, жүлделі 1-орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды.
2022 жылы желтоқсан айында Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Күмісбекқызы Сабина «Тағылымы мол, өнегелі өмірлер» тақырыбындағы ғылыми жұмысын қорғап, жүлделі 3 орын алды.
2023 жылы Республикалық «Зерде» зерттеу жобасы 1-7 сынып оқушылары арасында өткен аудандық байқау Мұхамедияр Мейіржан жүлделі 2-орын.
2025 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде жүлделі 2-орын алды.
Болганбаева Лаззат Муратбековна түрлі педагогикалық байқаулардың жеңімпазы,шығармашылық ізденісімен ерекшеленеді. Әдістемелік тәжірибесі таратылып, педагог кәсіби шеберлігі үшін мектеп, аудан, облыс деңгейінде марапатталған.
2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ТАРИХ-ҒАСЫРЛАР КУӘСІ» тақырыбындағы тарих пәнінен өткізілген аудандық байқауда «Менің елімнің тарихы» номинациясы бойынша 2-орын иегері.
2022 жылы «Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық конкурсының аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі 2-орын алды.
2021-2022 оқу жылында білім беру саласындағы табысты еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі үшін «Жангелдин ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022-2023 оқу жылында білім беру саласындағы табысты еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі үшін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
Құрмет грамотасымен марапатталды.
2024-2025 оқу жылында «Тарих сабағында білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына Ұлттық құндылықар жүйесін қалыптастыру» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумында жұмыс көрсеткені үшін Жангелдин ауданының білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2025 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығы облыстық оқу-әдістемелік кеңес отырысының 29.12.2025 жылғы №9 хаттамасында «Этномәдениет» элективті курсы мақұлданған, Федоров ауданы, Қостанай аудан мектептері, Қамысты ауданы мектептерінің педагогтері үшін оң педагогикалық тәжірибені трансляциялады.
2026 жылы «Директор -мектептің жүрегі» атты аудандық мектеп директорларының байқауында жүлделі 3-орын иеленді. «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің дипломымен марапатталды.

